Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Атырауда оқушылар мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 13:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатынан бір адам көз жұмып, тоғыз жолаушы жарақат алған.

Оқиға жұма күні «Атырау - Орал» тасжолында, Индер ауданында болған. Opel Vectra және Lada көліктері соқтығысып қалған. Opel Vectra көлігінің 1987 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Тағы тоғыз адам зардап шекті. Оның ішінде бес оқушы бар. Барлығы жедел жәрдеммен Индербор ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, алғашқы көмек көрсетілген соң барлығы үйіне жіберілген.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай