Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Атырауда өткен «Open air-2019» шарасына 10 мыңнан аса халық жиналды

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 20:18

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өткен «Open air-2019» шарасына 10 мыңнан аса халық жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау әкімдігінің әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хбарлауынша, Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған концерт 1 қыркүйек күні жаңарған орталық алаңда өтті.

Сахнадағы дыбыс пен жарықтандыру технологиясы қойылымдардың жарқын әрі қызықты өтуіне ұйтқы болды.

Кеште Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Назима, Ақылбек Жеменей, Бүркіт пен Айша, Музарт тобы, Ержан Максим, Айқын, Тамара Асар сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.




Атыраулықтар өздерінің сүйікті әншілерімен бірге ашық аспан астында ән шырқады.

Концерт соңында мерекелік отшашу болды. Пиротехникалық шоу көрермендерді ерекше таңғалдырды.











Басты сөздер: Атырау облысы, Мәдениет,
Жоғары қарай