Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Атырауда полицей әйелді байқаусызда аяғынан атып алды

2019 жылдың 29 наурыз 2019 21:48 928

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау қаласындағы халықаралық әуежайда полиция қызметкері әйелді байқаусызда аяғынан атып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«29 наурыз күні Атырау қаласындағы халықаралық әуежайда жеке тексеру бөлмесінде Полиция желілік бөлімінің патруль-бекет қызметкері абайсызда қарумен оқ атып алған. Оқиға сағат 17.40 кезінде полиция қызметкері банк инкассаторының қаруын тексеру барысында орын алған. Оқиға салдарынан қала тұрғынының аяғына оқ тиіп, жарақат алған. Әйел бірден медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген департаменттің хабарламасында.

Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай