Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Атырауда полиция көлігімен соқтығысқандардың денсаулық жағдайы белгілі болды

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 23:15

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырау облысында полиция көлігін қағып, жол апатынан ұшырағандардың денсаулық жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық Жергілікті полиция қызметінің хабарлағанындай, бүгін таңертең «Toyota Hilux» маркалы көлігі полицейлердің «Volkswagen» маркілі көлігін соқты. Жол апатына түскен үш адам да ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі полиция офицерлері болса, бір адам «Toyota Hilux» көлігінің жүргізушісі. Офицерлердің бірінің бұғанағына зақым келіп, аяғынан жарақат алған. Ол стационарға жатқызылды. Оны өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске салайық, жол апаты Атырау-Орал тас жолының бойында, облыс орталығынан 15 км қашықтықта болған. «Toyota Hilux» маркілі көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, полицияның «Volkswagen» маркілі көлігімен соқтығысқан.

Өңірдің Полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша тергеу жүргізілуде.


Жоғары қарай