Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Атырауда полиция қызметкері суға батқан әйелді құтқарып, өзі мерт болды

2019 жылдың 22 наурыз 2019 10:33 2001

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда полиция суға батқан әйелді құтқарып, өз мерт болды. Бұл жайында ҚР ІІМ кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 наурыз күні кешкі сағат 21-52-де «102» пультіне белгісіз адам хабарласып, орталық көпірден бір адамның суға секіргенін хабарлады. Атырау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы шұғыл арада құлақтандырылды. Оқиға орнына бірінші жеткен патрульдік полиция сержаны Шалқар Ақымғалиев ойланбастан  мұздай суға түскен.

«Жағалауда роликпен серуен дегеннен кейін демалып алмақ болған кезімізде суицидке тосыннан куә болдық. Мен бірден полицияға хабарладым. Санаулы секундтар ішінде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлерінің бірі батып бара жатқан адамға тез жүзіп барды. Су мұздай, оған қоса қатты ағыс қызды қалай ағызып бара жатқаны да көрініп тұрды. Бірақ, полиция қызметкері өз өмірін тәуекелге тігіп, батқан адамды құтқаруға талпынысын тоқтатқан жоқ», - дейді оқиға куәгері Райымбек Сарбалин.

Шалқарға көмекке өзімен бірге бөренені алып суға түскен полиция кіші лейтенанты Рүстембек Сүндетов ұмтылған.

«Суға батқан адамға жеткен кезімде Шалқар ағысқа төтеп бере алмай батып кетті. Әйелді құтқару маңызды болды. Оның үстіне әйел «ол мен үшін өлді» деп айқайлап, есті шығарды», - деп еске алады Рүстембек Сүндетов.

Ажалдан құтқарылған Батыс Қазақстан облысының тумасы жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілген. Ал Рүстембектің әріптесін өз бетінше іздеуі еш нәтиже бермеді. 3 градус мұздай суда сіңірі тартылған 30 жастағы кіші лейтенант Сүндетов жағаға өзі жүзіп жеткен.

«00-50-де Шалқар Ақымғалиевтің мүрдесі оқиға орнынан  төмен жақтан табылып, жағаға шығарылды. Шалқар Ақымғалиев көпбалалы отбасының жалғыз асыраушысы. Бойдақ, 1 сәуірде 25 жасқа толатын еді. Отанына 5 жыл бойы адал қызмет етіп келе жатқан  ол суға батқан әйелді құтқарамын деп өз өмірін қиды. Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза болған азаматтың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», - деді Нұрділдә Ораз. 

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай