Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Атырауда резеңке қақпақ жұтып қойған бір жасар бала құтқарылды

2019 жылдың 14 қазан 2019 16:25

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырауда дәрігерлер резеңке қақпақ жұтып қойған бір жасар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ата-анасының айтуынша, тамақтанып отырған кезде бір жасар баласы бірден шашалып, артынша ыстығы көтерілген. Екі күн бойы баланың жағдайы нашарлай берген. Содан кейін ата-анасы оны №2 облыстық ауруханаға жеткізген. Тексерген дәрігерлер баланың асқазанында сеппенің резеңке қақпағы бар екенін анықтаған. Оны операция жасап алып тастады», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, енді баланың өміріне қауіп жоқ.

Автор: А. Соколов

Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға, Қоғам,
Жоғары қарай