Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Атырауда төрт шағын аудан сусыз қалды

2019 жылдың 19 қараша 2019 15:09

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда төрт шағын аудан сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қарашаға қараған түні Береке шағын ауданында, Контейнер көшесінің жағасындағы диаметрі 630 су құбырында апат болды. Қазір «Атырау су арнасы» МКК жұмысшылары апат салдарын жойып жатыр. Олар құбырды жөндеп біткенше Ақжар, Ақсай, Жұлдыз, Көктем шағын аудандарында суық су болмайды», - деп мәлімдеді «Атырау су арнасының» баспасөз қызметі.

Кәсіпорын уақытша қолайсыздық үшін тұрғындардан кешірім өтінеді.




Жоғары қарай