Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Атырауда жоғалған екі баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатыр

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 15:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жоғалған балаларды судан да құрғақтан да іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар бүгін таңертең Құрсай ауылы маңында жоғалып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, олар жайық өзеніне баруы мүмкін, ал онда мұз өте жұқа. Балалардың екеуі де 9 жаста. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балаларды Жайық өзенінен іздестіруде. Полиция оларды құрғақтан іздестіріп жатыр.


Автор: А. Соколов


Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай