Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Атырауда жол инфрақұрылымын жаңартудың үшжылдық бағдарламасы қабылданды

2019 жылдың 23 желтоқсан 2019 08:37

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жол инфрақұрылымын жаңартудың үшжылдық жобасы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Атырауда жол инфрақұрылымын жаңартудың үшжылдық бағдарламасы қабылданған болатын. Ауқымды жаңғырту жобасына жолдарды кеңейту, тас жол төсеу және заманауи көше жарығын орнату кіреді. Қазіргі уақытта 11 көшені қамтитын 35 км жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 15 км автожол жөнделді. 9 км велосипед жолы, 53 мың квадрат метр жаяу жүргіншілер жолы жасалды», - деді Атырау облысының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

Әкім қала көшелеріндегі ауқымды жұмыстар жалғасын табады деп мәлімдеді. 1 қаңтардан бастап Атырау қаласы ғана емес, Махамбет ауданындағы Алмалы және Береке ауылдарына да жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаңа тас жол қала сыртындағы елдімекендерге де төселеді.

Жоғары қарай