Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Атырауда «Жолда қабылдау» акциясы арқылы тұрғындар жоғалтқан заттарын тапты

2019 жылдың 19 қараша 2019 03:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Жолда қабылдау» акциясы арқылы тұрғындар таксиде немесе кездейсоқ мінген көлікте қалдырып кеткен заттарын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицейлердің айтуынша, республикалық «Жолда қабылдау» акциясын өткізу барысында облыстың екі тұрғынына жоғалтқан бағалы заттары қайтарылған.

Атырау қалалық полиция басқармасына келіп, арызданған Венера есімді қала тұрғыны өзінің жасөспірім қызының Iphone XS MAX, бағалы ұялы телефонын таксиде қалдырып кеткенін айтқан. Акция барысында азаматшадан арыз алынып, бірден жедел басқару орталығына жолданды. Қала жолдарындағы камералардың көмегімен такси санаулы минутта анықталып, полицейлер жүргізушімен байланысқа шыққан.

«Бас аяғы бес минутта тауып берді, полицейлерге алғысымды білдіремін»,- дейді арызданушы.

Мұндай оқиғаны Махамбет ауданының тұрғыны Жаннат Есқалиева да басынан өткерген. Оған «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырушылар таксиде қалып қойған әмиянын, алтын бұйымдары және 4 дана флешкасын қайтарып берген. Махамбет тұрғыны Атырау облысы әкімдігінің телеграм каналы арқылы полицейлерге алғысын білдіріп, табылған құнды заттарының фотосын жолдады.

ІІМ ұйытқы болуымен осымен 8-ші мәрте өткізіліп келетін «Жолда қабылдау» акциясына атыраулықтар 3262 рет өтінішпен келіп, сұрақтарына қанағаттандырарлық жауап алған. Жыл басынан бері облыс тұрғындарына 87 жоғалған заты қайтарылды. Қала тұрғындарының бірі, тойға бара жатып, таксиге құжаттарын, әмиянын тіпті той көйлегін де ұмытып кеткен. Полицейлер арқылы бұл заттар табылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері кәсіпкерге құны 800.000 теңге болатын қымбат вазаны қайтаруға көмектесті.

Автор Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Атырау облысы, Заң,
Жоғары қарай