Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Атырауда жылқыларға қатыгездік көрсеткендердің ісін полиция қарап жатыр

2019 жылдың 14 қараша 2019 08:54

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жануарларға қатыгездік жасағандардың ісін полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желіде ер адам атты басынан балтамен ұрып өлтіріп жатқан видео тарады. Ол көптің ызасын тудырды. Видеоның Махамбет ауданының Береке кентінде үй жануарлары сойылатын цехта түсірілгені анықталды.

Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының («Жануарларға қатыгездік жасау») 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аттардың басынан балтамен ұрған ер адамның кім екені анықталып, ұсталды. Ол сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тергеліп жатыр.

Авторы: А. Соколов

Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай