Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Атыраудағы мектептерде жазғы демалыс бір апта бұрын басталып кеткен

2019 жылдың 25 мамыр 2019 16:47

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың кей мектептерінде жазғы демалыс бір апта бұрын басталып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мектептегі оқу жылы 25 мамырда аяқталуы тиіс, сол күні соңғы қоңырау соғылады. Бірақ кей мектептерде оқу процесі уақытынан бұрын аяқталған. Көп мектептерде соңғы аптада қалыпты оқу процесі байқалмайды. Мұндай жағдайды №16 мектептен көрдім. №35 мектепте де балалар сабақ өтіп жатқан жоқ. Жазғы демалыс басталып кеткен сияқты. Мектепте тәртіп жоқ», - деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова мектеп директорларымен өткен жиында.

Оның айтуынша, көптеген мектептерде есепті ертерек өткізіп, оқушылардың барлық бағасын қойып тастау үшін бір күнде бірнеше тестілеу мен сынақ өткізген.

«Қалған күндерді қарым-қатынасқа, қызықты пәндерге арнап, түрлі себептермен өтпей қалған пәндер бойынша материалдар беруге болады ғой», - дейді Жансұлу Төремұратова.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Білім, Атырау облысы,
Жоғары қарай