Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Атыраудағы «Мұнайшы» стадионына соңғы үлгідегі көгал төселеді

2019 жылдың 3 наурыз 2019 16:58 1196

АТЫРАУ.  ҚазАқпарат - Атырауда жасанды төсемді  ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше  "Мұнайшы" стадионында жасанды  жабынды төсеу бойынша алдын ала жұмыстар жүріп жатыр. 

Жоба қызметкерлері геологиялық, геодезиялық жұмыстарды жүргізуде. Бастапқы кезеңде топырақ құрамы жан-жақты зерттеледі,  содан кейін тегістеледі.

"Бұл жұмыстар біраз уақытты қажет етеді,  соңғы үлгідегі жасанды жабын төсеу керек, ол асығыстықты көтермейді", -деп хабарлады Атырау облыстық дене  шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.               



Автор: Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Атырау облысы, Спорт,
Жоғары қарай