Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Атыраулық бас имам мұқтаж отбасыға пәтер кілтін тапсырды

2019 жылдың 30 наурыз 2019 21:50

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Мансұров Индер ауданына сапар аясында асыраушысынан айрылған мұқтаж отбасына пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспана кілтін тапсырып тұрып, Бас имам Батыржан қажы Берденұлы мұсылманның мұсылманға бауыр екендігін, әр қайырымды істің артында сауап жатқанын атап өтті.


null

Осыдан екі ай бұрын Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен Индер аудандық Әйіп қажы мешіті мұқтаж отбасына баспана алу мақсатында қаржы жинай бастаған болатын. Екі ай ішінде тиісті сома жиналып, мешіт жамағатының және Индер халқының қолдауымен мұқтаж отбасыға екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды.


null

Жұбайынан айрылған Нұргүл Нұрсейітова бес баланың анасы.

«Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровқа, Әйіп қажы Индер аудандық мешітіне, жергілікті жамағатқа, ауылдастарыма Алла разы болсын. Балаларым өз үйіміздің бар екеніне әлі сене алмай, қуанып жүр», - дейді көп балалы ана Нұргүл Нұрсейітова.

Жоғары қарай