Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Атыраулық отбасы республикалық конкурстан жүлделі оралды

2019 жылдың 8 қыркүйек 2019 19:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атыраулықтар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары Тілекқабыловтар отбасын әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл алтыншы рет ұйымдастырылған отбасылық сайыс Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Атырау облысы намысын қорғаған Тілекқабыловтар отбасы 30 тамыздан 6 қыркүйекке дейін өткізілген SMS/интернет арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша 17 финалист-отбасының арасында жеңіске жетті.
Өз сөздерінде Тілекқабыловтар отбасы бұл жеңіс - Атырау облысының ортақ жеңісі деп есептейтінін мәлім етті.

Жоғары қарай