Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Атыраулық полицейлер мүмкіндігі шектеулі балаларға концерт қойып берді

2019 жылдың 10 наурыз 2019 12:57

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы аясында Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шаңырақ» балалар үйі, «Маленькая страна» қоғамдық ұйымы, «Ұмтылыс» қорының балалары мен ата-аналары көрермен ретінде арнайы шақыртылды. Жүру мүмкіндігі қиындау балаларға полиция тарапынан арнайы автокөліктер бөлініп, мәдениет үйіне жеткізілуі қамтамасыз етілді.

Шараның қонағы ретінде сахна төрінде атыраулық әнші Бейбіт Қорған өнер көрсетті. Сахнада жерлес жұлдызбен жүздесіп, бірге ән салып, сыйлықтарға ие болған балалардың қуанышында шек болмады.

Концерттік бағдарламада әншіден өзге «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері, полиция департаментінің көркемөнерпаздар ұжымы да өнер көрсетті.

Кішкентай көрермендердің ортасында былтыр полицейлер алып берген көпфункциялы арбасымен келген Ақтолқын Ташу да болды.

Аталған шараға қолдау білдіріп, туған жеріне келген Бейбіт Қорғанға Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.Кушенов алғыс хат табыс етті.

«Балалардың ең болмаса бір сағаттық өміріне шуақ сыйлай алғанымыз үшін қуанышым шексіз. Осындай шараға арқау болған Полиция департаментінің бастығы Аян Сәбитұлына ерекше алғысымды білдіргім келеді», - деп шараны қорытындылады әнші Бейбіт Қорған.

Айта кету керек, ҚР ІІМ-нің «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы аясында қайырымдылық концерті бұған дейін еліміздің бірнеше қалаларында өткен болатын.




null

Жоғары қарай