Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ауа райы: Алдағы үш күн елімізде жаңбырлы болады

2019 жылдың 20 мамыр 2019 12:47 760

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ жауады. Сонымен бірге жылдамдығы секундына 15-25 метр жел соғып, суытады.

«Бұл метеорологиялық құбылыстар алдымен полярлық, артынша арктикалық суық ағындардың өтуіне байланысты болады. Еліміздің батыс өңірлеріне Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан антициклон жылжып кеелді. Елімізді басып өткен антициклон көшуінің соңында солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын тыйылады», делінген хабарламада.

 

 

 

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай