Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Ауа райы: Бейсенбіде елімізде күн райы ашық болады

2019 жылдың 20 маусым 2019 00:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжауынша бейсенбі күні елімізде күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

20 маусымда еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан күн райы ашық, тек батыста және солтүстік батыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, солтүстіктің кей жерлерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз кей жерлерде дауыл күтіледі.

Алматы, Ақтөбе, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарның кей жерлерінде күндіз қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай