Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Ауа райы: Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

2019 жылдың 23 ақпан 2019 06:00

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 23 ақпан күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін республиканың бірқатар аймақтарында жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел де күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 23 м/с-ке жетуі ықтимал. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы сеукндына 18-23 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді деген болжам бар.

Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке жетеді, жаяу бұрқасын болады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Қоғам, Ауа райы,
Жоғары қарай