Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Ауа райы: Шілденің 17 күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

2019 жылдың 17 шілде 2019 06:00 173

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шілденің 17-сі күні республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болады, сол себепті осы күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы да ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Түнде жене таңертең Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20м/с жылдамдықпен есіп, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде оте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары мен Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай