Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

2019 жылдың 27 қазан 2019 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27-28 қазан күндері Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан күшті жел соғады, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

27-28 қазан Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с, екпіні - 23-28 м/с.

27 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде - 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді. 28 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші 23-28 м/с болады.

Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

28 қазанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Осы күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.

28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны кей жерлерде 25 м/с жетеді.

28 қазан күндіз Семей қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай