Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Ауғанстанда Логар провинциясы губернаторының кортежіне шабуыл жасалды

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 14:29

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда Логар провинциясының губернаторы Анвар Ишакзайдың кортежіне шабуыл жасалып, кем дегенде жеті адам қаза тапқан. Бұл туралы 1TV телеарнасы хабарлады.

Полицияның ресми өкілі Шапур Ахмадзайдың айтуынша, қаскөй губернатордың автоколоннасына бомба қойылған автомобильді бағыттаған. Автоколонна Кабулдан Логарға бара жатқан.

Ахмадзайдың айтуынша, провинция басшысы аман.

Телеарнаның хабарлауынша, шабуылға жауапкершілікті «Талибан» радикалды қозғалысы мойнына алып отыр.

Фото: AP Photo / Rahmat Gul

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай