Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Аустралиядағы пойыз апатынан екі адам қаза тапты

2020 жылдың 20 ақпан 2020 19:07

СИДНЕЙ. ҚазАқпарат - Аустралияда рельстен шығып кеткен Сидне-Мельбурн бағытындағы жолаушылар пойызының апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап

Құтқару қызметі өкілдерінің хабарлауынша, тағы бірнеше адам жарақат алған. Бір жолаушы медициналық авиациямен Мельбурнге жеткізілді. Пойыз апатының неден болғаны әзірге белгісіз.

«Пойызда 160 адам болған. Олардың көбі жеңіл жарақат алған. Ауруханаға төрт адам жеткізілген. Бұл пойыз Мельбурн мен Сидней арасында қатынайтын негізгі қалалық көлік», - деп жазады басылым.

Виктория штатының өрт басқармасының хабарлауынша, бес вагон рельстен шығып кеткен. Тергеу аяқталғанша Сеймур мен Шеппартон стансаларын байланыстыратын теміржол уақытша жабылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Аустралияның Виктория штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, бірнеше жолаушы вагондардан шыға алмай қалғанын хабарлаған болатынбыз.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай