Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Ауыл шаруашылығындағы жемқорлықтың алдын алу жиыны өтті

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 20:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде саладағы жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге ұйымдастырылған шара барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ведомствоға қарасты Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік сатып алулары барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жемқорлық заң бұзушылықтарды азайту және жемқорлық қылмыстар жасауға түрткі болатын жайттарды жою жөнінде шаралар қабылдау бойынша берген барлық ұсыныстарын орындадық», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде аса қауіпті зиянкестерге қарсы өңдеу кезінде қолданылатын арнайы техниканың құжаттарын мемлекеттік тіркеу ережелеріне сәйкес ұсыну талабы белгіленді. Сонымен қатар, техника түрлері мен өңдеу орындары нақтыланды. Министрліктің ішкі үдерістерін басқару жөніндегі нұсқаулыққа, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысатын барлық бөлімшелер мен мемлекеттік қызметшілердің жедел өзара іс-қимылына қатысты Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығына өзгерістер енгізілді.





Фото: moa.gov.kz

Жоғары қарай