Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 377.18
EUR 426.14
RUB 5.98
CNY 54.86

Ауылда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті - Ақмола облысы

2019 жылдың 31 наурыз 2019 20:55 832

КӨКШЕТАУ.  ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласы әкімдігімен бірлесіп,  Краснояр ауылы тұрғындары үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, жәрмеңке Краснояр ауылы әкімі аппаратының ғимаратында өтіп, оған Көкшетау қаласының жергілікті мемлекеттік органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ филиалы қатысты.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі - халыққа сапалы қызмет көрсету және оның көрсетілу тәртібін түсіндіру арқылы өз қызметінде жемқорлық тәуекелдерін жою, мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, әкімшілік бөгеттерді азайту болып табылады. Осы мақсатта осындай жәрмеңкелер жиі өткізіліп тұрады», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов.

Жәрмеңке барысында азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ең талап етілетін салалары бойынша қажетті консультациялық-әдістемелік көмекке ие болды. Сонымен қатар жәрмеңке барысында азаматтарға электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық материалдар таратылды. Жәрмеңкеге 45 азамат қатысты. Мобильді азаматтар базасында 32 азамат тіркеліп, - 45 рет ұялы бағдарламалар жүктелді.

«Бүгін біз өз қызметіміздің форматын ауыстырдық және  бүгінгі таңда мемлекеттік органдар азаматтар үшін қызмет етеді. Ендігі кезекте электронды мемлекеттік қызметтерді бір реттік смс хабарлама арқылы тіркеле отырып, электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көпшілігін осылайша ұялы телефон арқылы алуға болады», - деп атап өтті Департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов.  



null

 

Жоғары қарай