Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Ауылда жемшөп қымбат, Үкімет пен әкімдер бұл мәселені шешуі тиіс - Тоқаев

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 17:41

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық фермерлікті белсенді түрде дамыту керектігін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Тwitter парақшасына сілтеме жасап.

«Ауыл-аймақтарға мамандарды тарту үшін «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Ауыл тұрғындары да, әкімдер де оның жеткіліксіз қаржыландырылып жатқанын атап өтті. Сондықтан мен оны қаржыландыру көлемін 2020 жылдан бастап жылына 20 млрд теңгеге дейін жеткізу туралы шешім қабылдадым», - деді Президент Солтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапарында.

Мемлекет басшысы сонымен бірге аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамыту керек.

«Үкімет әкімдермен бірлесіп жемшөптің қымбаттап кету мәселесін шешуі керек. Бұл - кәсіпкерлер үшін басты тежеуші факторлардың бірі. Бүгінде жемшөп бағасы ауыл тұрғындары шығынының үштен бір бөлігін құрайды. Сонымен қатар, отбасылық фермерлікті белсенді түрде дамыту қажет. Бұл әлемдік тәжірибеде кеңінен таралған. Мемлекеттік бағдарламада үй шаруашылықтарына жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Осы жылы 1300 отбасылық ферма мен шағын фермерлік шаруашылық қаржыландырылды», - деп жазды Президент.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысын аралап жүр . Мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарында болып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді.

Жоғары қарай