Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ауылдарда денсаулық сақтау нысандарын цифрландыру жұмыстары немқұрайлы жүргізіліп жатыр

2019 жылдың 24 мамыр 2019 12:46 644

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауылдық денсаулық сақтау нысандарын цифрландыру жұмыстары немқұрайлы  жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобының отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті цифрландыру процесін толыққанды іске қосу үшін денсаулық сақтау ұйымдарын ІТ-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. 2018 жылдың қорытындысында Қазақстан бойыншаденсаулық сақтау ұйымдарымен компьютерлік техникамен жабдықтау 95,1 пайызды құрады. Қалалар мен аудан орталықтарындағы ұйымдар интернет желісімен және медициналық ақпараттық жүйемен 100 пайыз қамтамасыз етілді», - деді Л.Ақтаева.

Дегенмен, оның дерегінше, өңірлердің басым бөлігінде аудан орталығынан төмен деңгейдегі елді мекендердің денсаулық сақтау ұйымдар интернетке толық қол жеткізе алмай отыр. Мәселен, Қарағанды облысында денсаулық сақтау ұйымдарының интернетпен қамтамасыз етілуі 32, Солтүстік Қазақстан облысы 33, Түркістан облысы 35, Шығыс Қазақстан облысы 35 пайызды ғана құрайды. 

«Денсаулық сақтау ұйымдарының 99 пайызында медициналық құжаттардың қағазсыз айналымы енгізілген. 2 миллионнан астам адам пациенттерге арналған мобильді қосымшаны пайдаланады. Цифрландырудың нәтижесінде емханаларға келушілер саны 2 есеге, ал жанды кезек 60 пайызға азайды. Өкінішке орай көптеген өңірлерде ауылдық денсаулық сақтау нысандарын цифрландыру жұмыстары жеткіліксіз, немқұрайлы түрде жүргізіліп жатыр. Яғни, интернетпен қамту төмен», - деді вице-министр.

 

 

Жоғары қарай