Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Автобус жолағымен жүрген жүргізушілерге жарты млрд теңге айыппұл салынды

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 17:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобус жолағына шығып кеткен жүргізушілерге 569 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушілер жыл басынан 75 мың рет автобус жолағына шығып кеткен.

Атап айтқанда, Абай даңғылында 11 250 заңбұзушылық тіркелген. Бұл көшеде ереже бұзған жүргізушілерге 85 млн теңге айыппұл салынған.

Төле би көшесінде 33 445 дерек тіркелген. Көлік иелері 253 млн теңгелерінен қағылды.

Ал Райымбек даңғылында жүргізушілер ережені 21 646 рет бұзып, оларға 164 млн теңге айыппұл жазылды.

«Сондай-ақ жыл басынан бері Алтынсарин, Желтоқсан, Наурызбай көшелерінде 8859 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді. Нәтижесінде, 67 млн 106 мың 925 теңге айыппұл салынды», - деді полициядан.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Аймақ, Алматы,
Жоғары қарай