Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Автобус жүргізушілері  жолдан құлаққап киіп өтетіндерге алаңдайды - СҚО

2019 жылдың 21 қазан 2019 00:21

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілерімен өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кездесудің мақсаты – жолаушылар тасымалында тәртіп орнату.

«Петропавлдық жүргізушілер көшеде құлаққап киіп немесе қалта телефонымен сөйлесіп жүретіндердің алаңдататындықтарын айтты. Қалалықтардың мұндай жауапсыздықтары апатқа ұрындыруы ықтимал. Бұл күні бойы рульде отыратын жүргізушілердің қалыпты жұмыс істеулеріне кедергі келтіреді», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ көктайғақтың басталуы да аялдамаларда қосымша қиындықтар тудырады. Соған байланысты жүргізушілер ұдайы құм мен тұз араласқан қоспа себуді өтінді.

«Кездесуде қозғалған барлық мәселелерді полиция бақылауға алатын болады. Бұндай жүздесулер жол қауіпсіздігін арттыруға өз көмегін тигізетіндігі сөзсіз»,- дейді баспасөз қызметінде.

Автор:

Олеся Жуковень

Жоғары қарай