Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Автокөлікті қайта тіркеу: Онлайн қызметті пайдаланғандар 100 мыңнан асты

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 12:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай цифрландырудың арқасында мемлекеттік қызметті алу жеңілдей түскенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызметті электронды форматқа ауыстыру ісіне қатты көңіл бөліп келеміз. Мәселен, кейінгі бір жарым жылда мамандандырылған ХҚО-ға барып, уақыт жоғалтпай, egov.kz порталы арқылы автокөлікті есепке қойып, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Әлбетте, кез келген жаңашылдықты адамдар әу баста бірден қабылдай қоймайтыны анық. Алайда, Қазақстанда egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметті алатын автокөлік иелерінің саны ондаған есе артқанын айта кету керек», - дейді Мұрат Жұманбай.

Оның жазуынша, 2019 жылы онлайн тәртіппен ресімделген жүргізуші куәлігінің саны 8 есе, ал онлайн тәртіпте қайта тіркелген автолардың саны 20 есе артқан.

«2018 жылы жүргізуші куәлігін 19 409 қазақстандық онлайн тәртіпте ресімдесе, 2019 жылы 153 мың адам ресімдеген. 2018 жылы электронды тәртіп бойынша 5 мың адам көлігін қайта тіркесе, олардың саны былтыр 100 мыңнан асып кеткен», - дейді ол.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Цифрлық Қазақстан,
Жоғары қарай