Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Автожолдардың сапасы ерекше бақылауда болады - Мемлекет басшысы

2019 жылдың 12 маусым 2019 12:07 1764

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Автожолдардың сапасы ерекше бақылауға алынады.  Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды халықты мазалайтын мәселе - бұл жолдардың сапасы. Сол себепті автожолдардың жағдайын жақсарту - біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі» , - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керектігін тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы таза ауыз су әрбір үйде болуы міндет екенін қадап айтты.

 

 

Жоғары қарай