Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Аяқпен жазылған сәлемхат: Қытайлық қандасымыздың хаты көзге жас үйірді

2019 жылдың 14 қыркүйек 2019 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков Қытайда тұратын қырғыз және қазақтармен хат алысып тұратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Қытайда тұратын қазақтар және қырғыздармен хат жазысып, байланысып тұрамын. Сол жерде Жүсіп деген ағамыз болды. Былтыр 97 жасында қайтыс болды. Елге әкелгім келіп жүрген, өкінішке қарай дүниеден озып кетті. Ол кісі Қытайда «бас мадақшы» деп аталып және ол қызметі үшін жалақы алатын. Қазіргі күні ол кісінің Жәнібек деген жас шәкірті бар. Оның екі қолы жоқ, маған хат жазғанда «аяқпен жазылған сәлемхат» деп бастап жазады. Көзіңе еріксіз жас аласың. Жазғанда да мөлдіретіп тұрып, маржандай қылып жазады», -деді қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Ұлттық музейде өткен «География – мәдени даму бағыты» атты көрменің ашылуында сөйлеген сөзінде.

Айта кетсек, бүгін Ұлттық музейде «География – мәдени даму бағыты» атты көрме ашылды.

Оған қостанайлық ағайынды Аңқауовтардың жүннен жасалған картиналары қойылған. Көрмені елордалықтар 30 қыркүйекке дейін тамашалай алады.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Қытай, Қандастар, Мәдениет,
Жоғары қарай