Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Айдар Өтенов жаңа қызметке тағайындалды

2019 жылдың 8 қазан 2019 20:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Айдар Өтенов Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айдос Үкібай Twitter парақшасына жазғандай, Тұңғыш Президент кеңсесі басшысының 8 қазандағы бұйрығымен Айдар Есенұлы Өтенов Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Айдар Өтенов 1983 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған.

2004 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

2010 жылы «Есеп және аудит бакалавры» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «Континент-строй» ЖШС-де заңгер болып бастаған.

2005-2007 жылдары «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ компаниясының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, бастығы;

Одан әрі 2007 жылы - ҚР ПІБ «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы« РМК заң кеңесшісі, бас маман, құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы;

2007-2018 жылдары – ҚР ПІБ сарапшысы, заң бөлімінің бас сарапшысы, Іс Басқарушысының көмекшісі, бас инспектор, Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2018-2019 жылдары - ҚР ПІБ Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі;

2019 жылдың сәуірінен бастап осы күнге дейін ҚР ПІБ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Айта кетейік, хатшылықты осы уақытқа дейін басқарып келген Елдар Томашов басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

Жоғары қарай