Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 377.18
EUR 426.14
RUB 5.98
CNY 54.86

Айдын Тәжіғали Азия чемпионатында жүлдегер атанды

2019 жылдың 25 наурыз 2019 23:23 1172

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық балуан Айдын Тәжіғали еркін күрестен 23 жасқа дейінгі ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан құрлық додасында жерлесіміз 70 келі салмақта сынға түсті. Алғашқы кездесуінде жерлесіміз Түркіменстан спортшысын 10:0 есебімен ұтты. Екінші белдесуде қытайлықтан 12:2 есебімен басым түсті. Үшінші кездесуде Иран балуанына 8:5 есебімен ұтылып қалды.

Үшінші орын үшін таласта қырғыз елінің балуанын 12:2 есебімен уақытынан бұрын қапы қалдырды.

Айта кету керек, Азия құрлығы додасында тағы бір атыраулық грек-рим күресі шебері Қаһарман Қисметов қола жүлдегер атанған болатын.     

 

 

Автор: Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Спорт, Атырау облысы,
Жоғары қарай