Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Айна Теміртасова: Әлем чемпионатында жүлде үшін бар күшімді саламын

2019 жылдың 17 шілде 2019 22:55 213

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Айна Теміртасова жақында Түркия кілемінен де олжалы оралды, деп хабарлайды Olympic.kz.

65 келіде белдескен ол «Яшар Догу» рейтингілік турнирінде үздік үштікке енді. Бапкерлер мен жанкүйерлер болашағына үмітпен көз тіккен жас балуан әлем чемпионаты қарсаңындағы дайындығымен бөлісті.

«Ересектер арасында күресе бастағаныма көп болған жоқ. Бастамасы жаман емес. Бірақ маусымды бұдан да жақсы өткізу үшін әлі де еңбектену керек. Жаттығу қарқынын одан әрі күшейту қажет. Әзірге бапкеріммен бірге тынымсыз дайындық үстіндемін. Ол менің жаттығу жоспарымды түзіп береді. Түркиядағы турнир аяқталды, енді Польшада өтетін жарысқа дайындаламыз. Содан соң, әлем чемпионатына дейін екі жаттығу жиынын өткіземіз. Оның бірі күш-қуатты арттыруға арналған. Екіншісі кілемде өтеді.

Менің мақсатым – елімізде өтетін әлем чемпионатына дайындалып, медаль алуға тырысу. Өз жерімізде өтетін додада жауапкершіліктің жоғары болатыны анық. Қарсыластар да қарымды. Бірақ жүлдеге ілігу үшін бар күшімді саламын», - дейді Айна.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай