Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Азаматтарды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін - Президент

2019 жылдың 12 маусым 2019 11:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау - менің басты мақсатым. Бұл туралы елордада Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент ретінде халқымызға мынаны айтқым келеді: еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау - менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін! Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндетті түрде ескеремін. Ашық және әділ жұмыс істейміз. Біз үшін ең маңызды міндет - заңға сай адал қызмет ету. Біздің бір ғана Отанымыз бар! Тағдырымыз - бір! Халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз!» , - деді Мемлекет басшысы.

Жоғары қарай