Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Әзербайжандық тележүргізуші, ресейлік саясаттанушы ҚР Тұңғыш Президентіне алғыс білдірді

2019 жылдың 19 наурыз 2019 23:41 680

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін тоқтату тарихи шешіміне қатысты пікірлер көптеп жариялануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаттықтың арxитекторы болған ұлы адамның тариxи шешімі! Тіпті күніне дейін сәтті ойластырып, парасатты қадам жасаған Елбасының бүгінгі Үндеуін тыңдап отырып, тебіреніп, түсініксіз өксікке булықтым.  Осындай Елбасымыз болғаны үшін мақтанамын!», - деп жазды Халықаралық Түркі академиясының  президенті Дархан Қыдырәлі парақшасында.

«Елбасының лауазымнан кету сөзін тыңдадым. Қалай болғанда да, ресми түрде екі тілде үндеу жасау ақылға қонымды шешім болды. Посткеңестік кеңісте өмір сүрген бұрынғы ресубликалардың ішінде Беларусьты қоспағанда  күрделі тарихы бар көпұлтты Қазақстан 29 жыл бойы ұлтаралық қақтығыссыз, қан төгіссіз, сепратимсіз, төңкеріссіз бай-бақуатты әрі қоғамдық келісімде бола білді. Бұл ұлттық мемлекет құруға да еш кедергі келтіре алмағынына көз жетіп отыр. Егер Назарбаев болмағанда жағдай мүлдем басқа болар ма еді», - деп жазады ресейлік саясаттанушы Денис  Шильников.

«Бірінші әрі жалғыз Президент. Қазақстан үшін Нұрсұлтан Назарбаевта мұндайды ешкім жасаған жоқ, жасайда алмайды. Оның дана саясатының арқасында Қазақстанда осыншама ұлт пен ұлыс бейбітшілікте өмір сүруде. Алла тағала мұның барлығы одан ары жалғасуын жазсын!», - деп жазды әзербайжандық танымал тележүргізуші Мехрибан Касумова.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай