Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

БАӘ-нің тұңғыш ғарышкері мінген кеменің Жерге оралуы онлайн көрсетіледі

2019 жылдың 3 қазан 2019 17:37

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – 3 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 13 сағат 37 минутта «Союз МС-12» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш айлағынан сәтті ажырап, Жерге оралу процесін бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Союз МС-12» ғарыш кемесінің экипажы үш адамнан құралған. Олар - ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин, америкалық астронавт Ник Хейги мен БАӘ-нің алғашқы ғарышкері Хаззаа аль Мансуриден




Кеме мен Халықаралық ғарыш айлағы арасындағы аралық есіктердің жабылуы және экипаж құрамының «Союз МС-12» кемесімен ұшуға дайындық сәті Роскосмостың сайтында онлайн режімде көрсетілді.

Кеменің Жерге қонуының тікелей эфирі www.roscosmos.ru сайтының «Онлайн көрсетілімдер» бөлімінде көрсетіледі.

Авторы: Сара Қабиева

Басты сөздер: Ғарыш,
Жоғары қарай