Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Бағдат әуежайына жасалған ракета шабуылынан 8 адам мерт болды

2020 жылдың 3 қаңтар 2020 10:12

БАҒДАТ. ТАСС-ҚазАқпарат – Жұма күні Бағдат халықаралық әуежайының түбінде бірнеше қуатты жарылыс болды, деп жазады ТАСС.

Agence France-Presse хабарлағандай, біреулер әуежайды ракетамен атқылаған. Кем дегенде 8 адам көз жұмған.

«Бағдат халықаралық әуежайы маңына үш ракета құлады, салдарынан екі машина жарылды», - дейді агенттік ирактық әскерилердің сөзін келтіріп.

Олардың мәліметінше, ракеталар «Аль-Хашд аш-Шааби» шиит жасағына қарсы бағытталған.

Al Arabiya телеарнасы «Аль-Хашд аш-Шааби» өкілдеріне сілтеме жасап марқұмдардың арасындағы бесеуі – сол ұйымның мүшесі, ал екеуі – Бағдат әуежайына келген қонақ екенін хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Al Hadath телеарнасы әуежай маңында америкалық әскери базалар орналасқанын жазды. Әуежайға кіреберістегі бекетте болған 12 ирактық әскери қызметші жарақат алған. Зардап шеккендер арасында бейбіт халық та бар. Бір ракета ұшу-қону жолағына құлаған, салдарынан әуе айлағын жабуға тура келді.

30 желтоқсанда шиит әскерлері Бағдаттың солтүстігіндегі АҚШ әскерлері орналасқан Эт-Таджи әскери базасына 4 мина атқыш снарядын тастаған болатын. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Пентагон өкілі әуе соққысы 5 нысанға бағытталғанын, оның ішінде қару-жарақ сақтайтын қойма мен командалық пункт болғанын айтты. АҚШ қорғаныс ведомствосының мәліметінше, «Катаиб Хезболлах» ұйымы 27 желтоқсанда Киркук түбіндегі Ирак базасын ракетамен атқылағаны үшін жауапты. Салдарынан америкалық келісімшарт қызметкері көз жұмған еді.

«Катаиб Хезболлах» ұйымы Ирак пен Сирияда Ирак әскерімен бірге «Ислам мемлекеті» террористік тобына қарсы соғысып, лаңкестерді жоюға үлес қосқан «Аль-Хашд аш-Шааби» шиит жасағының құрамына кіреді.

Айта кетейік, ракета шабуылынан қаза тапқандар арасында ирандық Ислам революциясы әскерлері корпусының арнайы мақсаттағы «Аль Кудс» қарулы күштерінің қолбасшысы Қасым Сүлеймани де бар.


Жоғары қарай