Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

БАҚ саласындағы мамандар әр ақпаратқа мұқият болғаны абзал - сарапшы

2019 жылдың 9 шілде 2019 18:29 1088

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дін тақырыбында жазатын журналистерге арналған семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР лаңкестік және экстремизм мәселерін зерттеу орталығы» ҚҚ мен Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен БАҚ-та діни тақырыптарды жария етудің нысандары мен әдістері жөнінде журналистерге арналған оқыту семинарының бағдарламасы ауқымды. БАҚ өкілдеріне арналған шарада мамандар журналистерге мейілінше қажетті ақпараттармен бөлісуге тырысты. БАҚ мемлекет пен қоғамның баға жетпес күші екенін ескертті.

«Қазіргі таңда әлем бойынша БАҚ өкілдеріне деген сұраныс жоғары. Себебі, саясатта, қоғамда, қарапайым күнделікті өмірде де тілшілердің алатын орны ерекше. Батыс елі оларды барынша құрметтеп және сол журналистер арқылы көздеген мақсаттарына жетеді. Тілшілерді  қоғамның мықты қаруы деп санайды.  Қазір  дүниежүзінде  «ақпарат соғысы» жүріп жатыр. БАҚ-ты  билікке қарсы пайдалану үрдіске айналды. Сондықтан осы салада жүрген мамандар әр ақпаратқа мұқият болғаны абзал», - дейді Дін істері жөніндегі комитеттің республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының сарапшысы Руслан Иржанов.

Сарапшы-маман  ақпарат тартаудың ондаған түрін мысалға келтірді. Кез-келген мемлекеттің өзіндік ұстанған позициясы бар. Соңғы жылдары сенсациялық ақпарат тарату белең алып барады. Халық арасында үрей тудыратын, жағымсыз жаңалықтың таралуы  ұзаққа бармайды. Десекте, сол үш күннің ішінде әлемді дүрліктіруге шамасы жетеді. Шындыққа жанаспайтын  ақпаратты  «қауесет» деп атайды.

«Ақпарат кеңістігінде «Румология» деген ұғым бар. Оның үш параметрі болады. 1- жалған ақпараттың  тез таралуы, 2 - ақпаратты бұрмалау факторы, 3 - халықты толық қамту. Сіздерге бір мысал келтірейін.  Бәріміздің есімізде  «2011 жылы Шымкентте кішкентай балаларды құрбандыққа шалады», - деген ақпарат тарады. Бұл Құрбан айт мерекесі күні тараған өсек. Халық шошып қалды. Балаларын үйден шығармауға тырысты. Кейін БАҚ өкілдері  бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жарыса жазды. Десекте, халық арасында резонанс туды. Демек, теріс пиғылды адамдар көздеген мақсаттарына жетті. Тұрығындарды дүрліктірді. Міне, ақпараттың осындай түрі де бар », - дейді саясаттанушы Руслан Иржанов.

БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған  оқыту семинарында тілшілер қауымы экстермизм мен терроризмге қарсы ақпараттық іс қимыл бойынша қойылған сауалдарына толық жауап алды. Ұйымдастырушылар мен мамандар   кез - келген ақпаратты таратпас бұрын ең алдымен оның растығына және қандай мақсатта екенін білуге  кеңес берді.

Авторы: Алма Мұқанова

 

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: БАҚ, Дін,
Жоғары қарай