Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Бақшасын «марихуана» алқабына айналдырған қарт ұсталды

2019 жылдың 22 тамыз 2019 22:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменнің тұрғыны бақшасын марихуана алқабына айналдырып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ш ығыс Қазақстан облыстық П олиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Көкнар-2019» операциясы барысында Өскемен қаласының бірнеше рет сотты болған қарт тұрғынын есірткі екті деген күдікпен ұстаған.

«Күдіктінің ауласынан 126 түп көкнәр тәркіленді. Сараптама қорытындысы тәркіленген өсімдіктің апиын дайындайтын көкнәр екенін көрсетті. Тәртіп сақшылары оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - делінген департаменттің бапасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жалпы «Көкнар-2019» жедел операциясының аясында облыс аумағында заңсыз есірткі айналымына қатысты 170 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде есірткілік шөптер өсірудің 12 фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 77 келіден астам есірткі тәркіленген.

Жоғары қарай