Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Бакуде Түркі Кеңесіне мүше елдердің СІМ басшылары бірқатар құжатқа қол қойды

2019 жылдың 14 қазан 2019 18:40

БАКУ. ҚазАқпарат – ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді бүгін Бакуде Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің VII Саммиті қарсаңында өткен Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кездесуде министрлер Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қоюы жоспарланып отырған күн тәртібіндегі жобалар мен құжаттарды келісті.

Кездесу қорытындылары бойынша Бакуде министрлер Будапешт қаласында (Венгрия) 2019 жылғы 19 қыркүйекте ашылған Түркі Кеңесі Өкілдігінің қызметін реттейтін бірнеше құжатқа қол қойды.




Министрлердің шешімімен Венгрия Республикасына Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді.

Еске салайық, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы Нахычеван қаласында (Әзербайжан) құрылған. Түркі кеңесінің хатшылығы - Ыстанбұл (Түркия) қаласында. 7-ші Саммиттің қорытындылары бойынша, Өзбекстан қосылғаннан кейін Кеңеске мүше елдер саны беске жетеді (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан).

Бекбау Тайманов







Жоғары қарай