Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалады

2019 жылдың 17 маусым 2019 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында ҚР Сауда және интеграция министрінің лауазымына тағайындалатын Бақыт Сұлтановтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырып, Бақыт Сұлтановтың мол жұмыс тәжірибесі бар екендігін және қажетті басқарушылық құзыретке ие екендігін айтты.

Талқылаулар мен сұрақ-жауап процедурасынан кейін комитет ҚР Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Бақыт Тұрлыханұлының Сұлтанов кандидатурасын ұсыну мүмкіншілігі туралы қорытынды қабылдады.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Тағайындау, Парламент,
Жоғары қарай