Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Бақытты отбасы: СҚО-да 100-ге жуық үйелмен баспаналы болды

2019 жылдың 15 қазан 2019 16:40

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға 156 тұрғыннан өтініш түссе, соның 91-і баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы 2019 жылдың 15 шілдесінен бастап жүзеге асырылып жатыр. Оның шарапатын көпбалалы, толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар көре алады. Осы мақсатқа мемлекеттік қазынадан 50 млрд теңге бөлінді.

СҚО-да 1 млрд 426 млн теңгеге 156 өтініш қабылданды. Олардың 153-і оң жауап алып, бүгінде 91-і қоныс тойын тойлады. Солардың бірі – көп баласы бар Ескендір Қалиханұлы.

«Көп жылдан бері пәтер жалдап тұрып келдік. Тапқан табысымның басым бөлігі пәтер ақысына кететін. Сондықтан «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы жайында естігенде бірден қатысуды ұйғардым. Әкімдікке баспана кезегіне тұрдым. Ол жақтан маған бағдарламаға қатысуға жолдама берді. 1,5 айдың ішінде пәтерге қол жеткізіп отырмын», - дейді қала тұрғыны.

Мамандардың айтуынша, ипотекалық несие 2%-бен беріледі. Бастапқы жарна үй бағасының 10% құрайды. Бағдарламаға қатысатын отбасы құны 10 млн теңгеге дейінгі баспананы несиеге сатып ала алады.




«Шілде айынан бері жергілікті әкімдік көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларға бағдарламаға қатысуға 200 жолдама берді. Олардың 156-сы біздің банкке өтініш қалдырып, 153-ші мақұлданды. 3 отбасының құжаты қаралып жатыр, жақында бақытты отбасылардың қатарына қосылады. 91 отбасыға 878 млн теңгенің ипотекалық несиесі беріліп, олар қоныс тойларын тойлады», - дейді мемлекеттік бағдарламаның операторы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» СҚОФ директоры Алмас Жапабаев.

Жоғары қарай