Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Бақытжан Абдурахманов: Ересектер арасында жеңіске жету оңай болған жоқ

2019 жылдың 8 қыркүйек 2019 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ересектер арасында жеңіске жету оңай болған жоқ. Дзюдодан Словакияда өтіп жатқан Еуропа кубогында топ жарған Бақытжан Абдурахмонов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында осылайша ағынан жарылды.

«Бұл алтын жүлденің орны бөлек. Өйткені, менің ересектер сапындағы алғашқы ірі жарысым. Сол сында топ жарғаныма шексіз қуаныштымын. Жалпы 73 келі салмақ дәрежесінде алғаш рет күрескендіктен қарсыластарымның кім екенін білген де жоқпын. Татамиде алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеттім. Екінші кезеңде неміс балуанын үш ескертумен ұттым. Ал қалғандарының бәрінен ұпай алдым. Финалдық кездесудің негізгі бөлігінде қарсыласым алдырмаған болатын. Қосымша уақытта жақсы әдіс жасап, «иппон» ұпайымен жеңдім. Мұның бәрі айтуға оңай. Ал шын мәнінде, ересектер арасындағы ірі турнирде топ жару айтарлықтай қиын. Бұл додада көп күш керектігін түсіндім. Өйткені, қарсыластардың барлығы да өте тәжірибелі. Маған сенім артқан бапкерім Азамат Мұқановқа алғысым зор. Ендігі мақсат – жастар арасындағы әлем чемпионы атану», - дейді Бақытжан.

Айта кетелік, Еуропа кубогында Қазақстан командасы бір алтын медальмен алтыншы орында келеді.
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай