Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

«Бала дауысы» жүлдегерінің анасы: Дені сау балалармен қатар болу үшін үш есе көп еңбектенуіміз керек

2019 жылдың 27 қазан 2019 16:14

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының төртінші маусымының финалында екінші орынды иеленген 13 жастағы Альфия Тілекқабылды туыстары мен достары қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының төртінші маусымы аяқталды. Байқау Қазақстанның оңтүстік астанасында 25-27 қазан күндері Республика сарайының сахнасында өтті. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 17 бала қатысты. Олар байқауға арнайы жазылған балаларға арналған авторлық әндерді орындады.

Байқау нәтижесі бойынша ақтаулық жас әнші Динара Қаржаубай жеңімпаз атанса, екінші орынды атыраулық жұлдыз Альфия Тілекқабыл жеңіп алды. Жақында 13 жасқа толған Альфия «Аққу арманы» атты жаңа авторлық әнімен алғашқы алтын дискісін сыйлық ретінде алды.




«Осы жылдың сәуір айында мен байқаудың облыстық кезеңінен өттім. Оған менімен бірге Атырау облысынан 200 жас орындаушы қатысты. Бірақ, өз өңірімнің намысын үлкен сахнада қорғауға мүмкіндік алдым. Мен 2-рынды иеленгенім үшін еш өкінбеймін. Өйткені, бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Енді мен өз болашағымды музыкамен байланыстыратыныма сенімдімін»,- дейді Альфия Тілекқабыл.

Альфия - «Мелодия» театр студиясының оқушысы, екі жылдан бері ұстазы Аня Цатинианның басшылығымен вокалмен айналысуда. Байқауда Альфиямен бірге белгілі қазақ әншісі Динара Сұлтан ән шырқады. Альфия - ерекше бала. Кішкентай күнінен көзі көрмесе де, керемет есту қабілеті мен әсем дауысы бар.

«Дені сау балалармен қатар өнер көрсету үшін үш есе көп жұмыс істеу қажет. Бұл өте қиын, бірақ біз тырысып жатырмыз. Байқау жоғары деңгейде өтті. Балалар 11 қазаннан бастап жұлдызды үйде болды, онда тәжірибелі ұстаздар мен шеберлер олармен жұмыс істеді. Альфия бірден эстрада жұлдыздарымен кездесіп, үлкен шабыт пен көптеген жағымды эмоциялар алды. Қызымыздың болашағы әлі алда, сондықтан екінші орын - келесі жеңістерге деген ынталандыру»,- дейді анасы Жанаргүл Нығметова.

Айта кетейік, Альфия тек вокалмен ғана айналыспайды, сонымен қатар кәсіби түрде фортепианода ойнайды. Отбасының кенжесі. Альфияның үш ағасы бар.




Басты сөздер: Атырау облысы, Мәдениет, Өнер,
Жоғары қарай