Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Балалы болу өмірді ұзартады - Әлемдік баспасөзге шолу

2019 жылдың 2 наурыз 2019 16:54 1214

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Солтүстікмұзды мұхит 20 жылдан соң мұзсыз қалады - Science Daily


null 

Тынық мұхиттағы температураның артуына байланысты Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұз ғалымдар болжағаннан ертерек еритіні анықталды. Science Daily басылымының жазуынша, қыркүйек айында Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұз көлемі минимумға жеткен. Бұған дейін ғалымдар жаһандық жылыну жылдамдығы тұрақты болса, 2050 жылы бұл мұхитта мұз толығымен еріп кететінін болжаған еді. Ал Geophysical Research Letters ғылыми журналында жарияланған жаңа зерттеу нәтижелеріне сенсек, Солтүстік Мұзды мұхиттың мұзсыз қалатын уақыты алыс емес.

«Ғалымдар мұз қабатындағы өзгерістерді зерттеп, Тынық мұхитындағы температура қазіргі жылдамдықпен өсетін болса, Солтүстік Мұзды мұхитындағы мұз 2030 - 2040 жылдар аралығында толығымен еріп кететінін анықтады», деп жазылған мақалада.


Балалық шақта табиғатқа жақын болған денсаулыққа пайдалы - Focus


null 

Балалық шақта табиғат аясында көп уақыт өткізген адамдар психикалық ауруларға шалдықпайды. Focus неміс журналының жазуынша, дат ғалымдары орман, жасыл алқап, әртүрлі саябақтар психикалық аурудан сақтайтынын анықтаған.

«Орхусс университетінің ғалымдары миллионға жуық даттың 1985 - 2013 жылдар аралығындағы өмір салтын бақылаған. Олардың айтуынша, зерттеу олардың психикалық ауруға ұшырау мүмкіндігін зерттеуге байланысты жүргізілген.  Ғалымдар жасыл аймақтарда өскен балалардың психикалық ауруға ұшырамайтынын айтты», деп жазады басылым. Зерттеу авторы Кристине Энгеманның айтуынша, бұл адамның ментальді денсаулығы үшін табиғи ортаның қаншалықты маңызды екеніне тағы бір дәлел бола алады.


Балалы болу өмірді ұзартады - Der Standard


null

«Адамның өмір жасының ұзақтығына алкогольдің, темекі мен спорттың әсері туралы зерттеулер өте көп. Ал балалы болу адам өмірінің ұзақтығына әсер ете ала ма? Португалия ғалымдары дәл осы сұраққа жауап алу үшін зерттеу жүргізіп көрді», деп жазады Der Standard басылымы.

Ғалымдардың айтуынша, баласы барлар көп жағдайда инфекция, рак, жүрек ауруы, суицидке бара қоймайды.

«Ғалымдар Англиядағы 205 277 адамның мәліметтерін сараптады. Мамандардың айтуынша, балалы әйелдердің рак ауруына ұшырау қаупі баласы жоқтарға қарағанда 72,5% аз. Сонымен қатар аналарда инфекциядан қайтыс болу жағдайы да басқаларға қарағанда екі есе аз. Жүрек қантамыр аурулары мен суицид жағдайы балалы әйелдерде баласы жоқтарға қарағанда үш есе аз. Баласы бар ер адамдарда да инфекция, жүрек қантамыр аурулары, рак, инфаркт баласы жоқтарға қарағанда аз», деп жазады басылым.


Жасыл қар нені білдіреді? - The Guardian


null

Бүгінгі таңда жасыл немесе қара түсті қар ғалымдардың алаңдаушылығын туғызып отыр. The Guardian басылымының жазуынша, бұл планетамыздың ластанып жатқанының дәлелі.

«Ресейде қардың жасыл немесе қара түске боялуы интернетті шулатып жатыр. Токсинді қалдықтар көп тұрғындарды маскамен жүруге мәжбүрлеуде. Бұған дейін ғалымдар қардың қара, сұр немесе қоңыр түске боялуы алаңдауға тұрарлық жағдай екенін айтқан болатын. Бұл климаттың өзгеріп жатқанының белгісі. Қар кейде табиғи жағдайдан да түсін өзгертуі мүмкін. Мысалы,  Chlamydomonas nivalis балдырынан қар қызыл немесе күлгін түсті болады. Бұл жағдайды ғалымдар 19 ғасырда ақ зерттеп кеткен. Ал былтыр Шығыс еуропада жауған қызғылт сары түсті қар құм мен шаң тозаң әсерінен болуы мүмкін», деп жазады басылым.  Автордың айтуынша, қардың қара, сұр, қоңыр, жасыл түсті болуы жаһандық проблемаға айналған табиғат ластануының белгісі.


Салмағы 220 грамм боп туған нәресте ауруханадан шықты - CNN


null 

2018 жылы тамыз айында Токиодағы Кейо университетінің ауруханасында 220 грамм болып туған ұл бала бес айдан соң үйіне жіберілді. CNN басылымының жазуынша, жүктіліктің  24 аптасында туған нәрестенің тірі қалатынына дәрігерлер де, анасы да сенбеген. Мамандардың айтуынша, қазір баланың денсаулығы жақсы.

Бұған дейін салмағы 300 грамнан аз бала Германияда 2009 жылы туған болатын.

Tiniest Babies University of Iowa журналының хабарлауынша, бүкіл әлем бойынша 1936 жылдан бастап салмағы 300 грамнан төмен 23 бала туған. Олардың ішінде ең салмағы аз қыз бала 2015 жылы Германияда туған.

 

 

 

Автор: Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай