Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Баласын мектепке алып кеткен қостанайлықтың үйінен қомақты қаржы ұрланды

2020 жылдың 21 ақпан 2020 10:50

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық полицейлер пәтер тонап, қомақты қаражатты жымқырып кеткендерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Қостанай қаласының оңтүстік бөлігіндегі шағын ауданда болған. Үй иесі баласын мектепке алып кеткен. Осы уақытта бұзақылар үйдің терезесін бұзып, тонап кеткен.

«Күдіктілер тонау әрекетін 30 минуттың ішінде жүзеге асырған. Олар үй иесінің мектепке шығып кеткенін күтіп отырған. Полицейлер күдіктілерді 3 күннің ішінде тапты. Қазіргі уақытта осы факт бойынша 4 күдікті қамауға алынды. Олар пәтерден 12 млн теңге алып кеткен», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай.

Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.


Жоғары қарай