Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Балқаш инспекторлары Қызыл кітапқа енген қыранды құтқарды

2019 жылдың 9 тамыз 2019 20:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балқаш инспекторлары Қызыл кітапқа енген қыранды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазғандай, Балқаш қаласының тұрғыны жаралы қыранды тауып алғанын айтып, полиция бөліміне келген. Әйел Ақтоғай ауданының Қоңырат кентіне жақын маңнан жабайы құсты өздігінен ұша алмай қиналған жерінен тапқан көрінеді.

«2019 жылдың 8 тамызында инспекторлар қыранды Балқаштан Қарағандыға жеткізіп, емдеу үшін Қарағанды қалалық зоологиялық баққа жіберді. Тексеру барысында жабайы құстың Қызыл кітапқа енген қыран екені анықталды. Құстың бұл түрі Қазақстанның оңтүстігінде мекен етеді. Саны көп емес. Тіпті азайып бара жатқан құстардың қатарында», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.

Қыранның бұл түрі өзінің балапандарын жыланмен қоректендіретін көрінеді. Толық ем алғаннан кейін көк тағысы еркіндікке ұшырылады.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, Қарағанды облысы,
Жоғары қарай