Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Балқаш көлінде мұз бөлініп, үстіндегі 4 балықшыны ағызып әкеткен

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 14:55

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Төтеншеліктер Балқаш көлінде жылжып кеткен мұз үстінен төрт балықшыны құтқарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 желтоқсан күні сағат 14:07-де Ақөлең ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде Балқаш көлінде мұз құрсауынан 4 адам құтқарылды. Мұз бөлініп, оның үстіндегі балықшылар ашық көлге кетіп қалған.

Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің жедел тобы шықты. Зардап шеккендермен телефон байланысы ұдайы жүргізіліп отырды.

Адамдар отырған мұз жағадан шамамен 10 шақырым қашықтыққа кетіп қалған.

Қатты толқынға қарамастан, құтқарушылар қысқа уақыт ішінде «Хивус» аэрокөлігімен балықшыларды тауып, 17:35-те оларды жағаға жеткізді.

Құтқарушылар қыс кезінде су қоймасында қауіп-қатер артатынын ескертеді. Су айдынындағы мұз үстімен жаяу жүру де, көлікпен жүру де өте қауіпті. Түнгі уақытта балық аулауға және аң аулауға жол берілмейді. Боранды күндері суға шығуға тыйым салынады.

Жоғары қарай